«БАҚ дипломатия құралы ретінде» дөңгелек үстел

3 мамыр, 2024

2024 жылдың 3 мамырында, жұма күні Халықаралық қатынастар факультетінде, ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінің жанындағы БҰҰ туралы ақпарат беретін Академиялық Аймақтық Ресурстық орталығы  Дүниежүзілік баспасөз бостандығы күніне (3 мамыр) және Бейбітшілік жолындағы  халықаралық көпжақты дипломатия күніне (24 сәуір) арналған дөңгелек үстел өткізді.

        Дөңгелек үстелге әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінің студенттері белсенді қатысып, баяндама жасады. 1 курс студенттері  үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) жиналғандарға дипломатиядағы медиа коммуникацияның рөлі туралы айтып, тарихтан мысалдар келтіріп, қонақтардың сұрақтарына жауап берді.

        Дөңгелек үстелді құттықтау сөзімен БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің Алматыдағы өкілі Властимил Самек және Халықаралық Қатынастар факультетінің деканы, БҰҰ туралы ақпарат беретін Академиялық Аймақтық Ресурстық орталығының директоры Деловарова Лейла Федоровна ашты.

        Шараға журналист, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «Alatay Aqparat» ЖШС бас директоры Ержан Қалымбайұлы, сонымен қатар, журналист, «Қазақ газеттері» Алматы қалалық филиалының басшысы- бас директордың орынбасары –Думан Анаш құрметті қонақ ретінде қатысты. . Олар өз сөзінде заманауи дипломатиядағы БАҚ рөлін кеңінен талқылап, студенттермен тәжірибелерімен бөлісіп, болашақ кәсіби қызметіне қатысты кеңестер берді.

       Іс-шара барысында қатысушылар дипломатия саласындағы БАҚ-қа қатысты көптеген өзекті мәселелерді талқылауға және осы саладағы сарапшыларға бірнеше сұрақтар қоюға мүмкіндік алды. Барлық қонақтар осы дөңгелек үстел тақырыбының өзектілігі мен маңыздылығын атап өтті. Тұрақты дамудың барлық мақсаттарына қолдау көрсете отырып, Бейбітшілік, әділдік және күшті институттар жөніндегі 16-мақсатқа ерекше көңіл бөлінді.