«Бабырнама» еңбегі таныстырылды

10 мамыр, 2024

Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдығы ая­сын­да Фараби кітапханасы мен Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының жанынан құрыл­ған «Жас ғалым» клубымен бірлесе отырып «Бабыр­на­ма» және қазақ руханияты» атты дөңгелек үстел өтті. Тұрақты даму мақсаттарының «Сапалы білім» бағдарламасы аясында өткен шарада кітапхана қорындағы Захир ад-Дин Бабырдың «Бабырнама» еңбегі таныстырылып, оның Қазақстан тарихы, ғылымы мен әдебиетінде алатын орны жан-жақты қарастырылды.

Дөңгелек үстел бары­сын­да сөз алған Жоғары оқу ор­ны­на дейінгі дайындық ка­фе­драсының оқытушысы, ф.ғ.к. Г.Тастемірова ғылыми кітапханадағы инновация­лық өзгерістер, әлемдік тә­жі­рибе алмасу және та­рих­тағы ақтаңдақтарға объ­ек­тивті баға беруде кі­тап­хана қорындағы дерек­тер­ді пайдаланудың тиімді мәселелері жөнінде ой қоз­ғады. Негізгі баяндамашы, кафедраның аға оқытушысы, Шараф Рашидов атындағы Самарқан мемлекеттік уни­вер­­ситетінің докторанты М.Иб­рагимова Қазақстан тарихы бойынша деректер мен сирек кітаптардың элек­трон­ды нұсқасы жайында сөз қозғап, «кітапхана ісі дұ­рыс жолға қойылмай, ғы­лым­ның дамуы мүмкін емес» деп атап өтті. Дөңгелек үс­тел­дің негізгі тақырыбы Ба­бырдың адамзат руха­ния­тына қос­қан зор үлесі – «Бабырнама» атты тарихи шығармасы екеніне тоқтал­ды. Аталған еңбектің қазақ әдебиеті мен тарихына да қа­тысы барын ескере оты­рып, Захир ад-Дин Бабырды қазақ әдебиетінің түпкі бас­тау­ларының біріне жатқы­зу­ға болатыны жайында өз пікірін ортаға салды.

Дөңгелек үстел бары­сын­да зерттеушілер, ғалымдар мен кітапхана ісінің маман­да­ры өзара пікір алмасып, бір-біріне сауал қойып, кө­кей­кесті сұрағына жауап алу­ға мүмкіндік туды. Іс-ша­ра барысында бас кітапх­а­на­шы-менеджер Қ.Көбе­генова Фараби кі­тап­­ханасына экскурсия жүр­гізсе, Ақпараттық қызмет басқармасының басшысы А.Джаманкозева кітап көр­месімен таныстырды. Уни­вер­ситеттегі білім алушы жастарға қазақтың тарихи мұраларын насихаттау мақ­са­тында ұйымдастырылған дөңгелек үстел мазмұнды өтті.

Гүлхан ТІЛЕУЖАНОВА,

Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының

оқытушысы