Мектептермен кәсіптік бағдар беру  жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу

10 мамыр, 2024

2024 жылғы 10 мамырда Тұрақты дамудың 4-бағыты бойынша мектептермен кәсіптік бағдар беру  жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу бойынша болашақ мектеп түлектеріне мамандықтарды таныстыру жұмыстары «Дұрыс таңдау» деген атаумен атқарылып кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторы Роза Ережепқызы  Алматы қаласы №173—№104-№132-№175 мектептерінің жоғары сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырды.
Кездесуде төмендегі ақпараттармен таныстырылды:
●      ҚазҰУ-дың әлемдік ЖОО арасындағы орны;
●      Факультет тарихынан тобықтай;
●      Кафедра мамандықтарымен толық таныстыру;
●      Кафедра мамандықтарының қоғамға берері;
●      ПОҚ туралы ақпараттар, шетелдік тәжірибе;
●      Кафедраның халықаралық байланыстары;
●      Академиялық ұтқырлық;
●      Кафедра үйірмелері мен клубтары;
●      Студенттер көзімен;
●      Түлектердің жұмыс орны;
●      «Сұрақ-Жауап» айдары;
Дәрісте осы мәселелерге көңіл бөлініп, еліміздегі орта білім беру мәселесі баяндалды. Оқушылардың мазалап жүрген сұрақтарына жауап беріліп, заңгер мамандығының артықшылықтары мен ерекшеліктері ерекшелігі көрсетілді. Жоғары сынып оқушыларына өмірлік маңызы бар таңдауды дұрыс жасауға тілектеспіз.