Айқын

9 қазан, 2015

Ең үздік мектеп түлектері ҚазҰУ-ды таңдайды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жеңіп алған оқу гранттарының саны бойынша еліміздегі ЖОО арасында дәстүрлі түрде тағы да көш бастады.

Ең үздік мектеп түлектерінің ҚазҰУ-ды таңдауы кездейсоқ емес. Қазіргі таңда жастарымыз үшін сапалы білім алу маңызды өмірлік басымдық болып табы­лады және оны еліміздің жетек­ші оқу орнында алуға болады. Университет түлектері эконо­миканың сан алуан сала­лары мен ел өмірінің түрлі аясын­да сұранысқа ие. Жұмыс беруші­лер жас мамандарды жұмысқа қабылдарда ҚазҰУ дипломына басымдық береді.
Осы жылы университетке түсушілер техникалық және экономикалық, сонымен қатар гуманитарлық және жара­тылыстану-ғылыми бағыттағы мамандықтарға басым таңдау жасады. Сондықтан ең үлкен бәсеке радиотехника, элек­троника және телекомму­ника­циялар, ақпараттық жүйе­лер, автоматтандыру және басқару, стандарттау, сертификаттау және метрология, биотехно­логия, аударма ісі, халықаралық қатынастар, құқықтану, қаржы, есеп және аудит, экономика және халықаралық құқық секіл­ді мамандықтар арасында орын алды. Магистратура және док­торантураға түсушілер арасын­да да байқау өте жоғары екен­дігі бай­қа­лады. Жекелеген ма­ман­дықтар бойынша үміткер­лер саны бір орынға 20-30 адамнан келеді.
ҚазҰУ бірегей интелле­ктуалды және ғылыми әлеуетке ие. Ол әлемнің ең үздік 300 және технологиялық тұрғыда дамыған 50 жоғары оқу орындарының қатарына енген Қазақстандағы алғашқы университет. Мұнда әлемнің жетекші универ­ситет­терімен қосдипломды білім бағ­дарламалары, жұмыс беруші­лер­дің талабын ескере отырып, студенттерді оқытудың модульді технологиясы, нәтижеге бағыт­талған басқарудың жетекші әдістері, ағылшын тілінде оқыту, жаңа оқу бағдарламалары мен мамандықтар белсенді түрде енгізілуде.
Университет еліміздің ин­дус­триалды-жаңашыл бағытта дамуы үшін белсенді түрде жоғары білікті мамандарды даярлауға кірісті. ҚазҰУ химия өндірісі және ақпараттық ком­муникациялық технологиялар саласы бойынша магистратурада мамандарды дайындауда база­лық университет болып табы­лады. Қазақстанның ӘСҰ-ға кіруіне байланысты исламдық банкинг, халықаралық сауда, халықаралық маркетинг және т.б. бойынша жаңадан магистр­лік бағдарламалар ашылды.
Мұрат Смағұлов,
Алматы