«Өткеннен сыр шертетін ең үлкен мұра» іс-шарасы

22 сәуір, 2024

22-сәуір күні исламтану мамандығының 1- курс магистранттарымен бірге жастардың сауаттылығын арттыру мақсатында ТДМ-ны іске асыру аясында «Өткеннен сыр шертетін ең үлкен мұра атауымен университет студенттерін кітапқа баулу мақсатында іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында әдеби кітаптар мен олардың артықшылықтары жайлы, кітап оқудың адамға тигізетін әсері пен пайдалары жайында бірнеше тақырыптар қатар қозғалып, жоспарлар құрылды. Университет аясында кітап оқитын оқырмандарға шаралар ұйымдастырылып отыруы жайлы шешім қабылданды. Алғашқы кітап ретінде «Гаухартас» еңбегі оқылып, талқыланды.