ТДМ 4 аясында ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫНЫҢ «Менің болашақ мамандығым» атты кәсіби бағдар беру апталығына орай ұйымдастырылған шараға шығармашылық мамадығын таңдаған тыңдаушылар Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне таныстыруға барып, аталмыш университеттің кәсіби мамандармен кәсіби бағдар бойынша мағлұмат алды. ҚР суретшілер одағының мүшесі, «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегері, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың профессоры Жаманқараев Серғазы Құсайынұлы шығармашылық емтихан жайында, іріктеу комиссиясы, шығармашылық емтихандарға өтініш қабылдау мерзімі, емтихан беру мерзімі сынды тыңдаушылардың көкейінде жүрген сауалдарына жауап алды. Мәселен дизайн мамандығы бойынша (сән дизайн) 1-ші емтиханға сурет және кескіндемеден, 2-ші емтиханда композициядан емтихан тапсырады. Сонымен қатар факультеттер мен мамандықтардың бағыттарымен танысты.