«Өз құқығыңды біл» кураторлық сағаты

8 желтоқсан, 2023

 

 

10 желтоқсан-Адам құқықтары күні. Адам құқықтары күні БҰҰ Бас Ассамблеясының ұсынысы бойынша жыл сайын, 1950 жылдан бастап 10 желтоқсанда атап өтіледі. 1948 жылы осы күні БҰҰ Бас Ассамблеясы Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясын қабылдады.

Осы атаулы күнге орай 8-желтоқсан күні Дінтану және мәдениеттану кафедрасының «6В03102-мәдениеттану» мамандығының 4-курс куратор-эдвайзері Кудайбергенов Сергазы Ережепулының ұйымдастыруымен кураторлық сағат өтті. Кураторлық сағатта Бас Ассамблеяның қарарында барлық мемлекеттерге жыл сайын адам құқықтары күнін мерекелеу туралы баяндамалар таныстырылды, Адам құқықтары күнін мерекелеуді үйлестіруде адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссар маңызды рөл атқаратыны айтылды.