- Басты бет
- БАжҚБИ
- “Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға бейімделген спорт, нейротүзету, сенсорлы интеграцияның арнайы әдіс тәсілдерін пайдалану жолдары” атты семинар-тренингі өткізілді
“Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға бейімделген спорт, нейротүзету, сенсорлы интеграцияның арнайы әдіс тәсілдерін пайдалану жолдары” атты семинар-тренингі өткізілді
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті жанындағы Біліктілікті артыру және қосымша білім беру институты 2024 жылдың 11 мамыр күні, сағат 10:00 мен 17:00 аралығында “Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға бейімделген спорт, нейротүзету, сенсорлы интеграцияның арнайы әдіс тәсілдерін пайдалану жолдары” атты семинар-тренингі өткізілді.
Семинар Логопед, Дефектолог, АФК мамандары мен қайта даярлау курсын өткісі келетін дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне арналды.
Семинар-тренинг бағдарламасы:
Теориялық бөлім:
1.Балалардағы психикалық бұзылыстардың ерекшеліктері.
2.Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды дамытудың инновациялық тәсілдері.
КОФЕ-Брейк, нетворкинг
Практикалық бөлім:
3.Бейімделген дене тәрбиесі бойынша негізгі әдіс-тәсілдер. Тренинг форматында өтеді.
4.Нейротүзету және сенсорлы интеграция бойынша негізгі әдіс-тәсілдер.