«Сопылық: тарихы мен қазіргі кезеңдегі мәселелері» тақырыбында лидерлік кездесу

25 сәуір, 2024

 

25.04.2024ж. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Философия және саясаттану факультетінің шаңырағында ұлттық деңгейде ҚазҰУ-дың 90 жылдық мерейтойы аясында: Тұрақты даму мақсаттары «Сапалы білім беру» бағыты бойынша білім беру жүйесінің дамуына елеулі үлес қосқан тәжірибелі ұстазбен «Сопылық: тарихы мен қазіргі кезеңдегі мәселелері» тақырыбында лидерлік кездесу өтті.

Кездесудің мақсаты- студенттерді сопылық ілімінің мәні мен мағынасын, даму кезеңі мен қазіргі көрінісін тануға және қазіргі мәселелерін тануға шақыру. Спикер ретінде қонаққа Нұр-Мүбарак университетінің профессоры Жоламан Бұланұлы келді.

Кездесу барысында сопылықтың шығуы, мақсаты, таралуы және мәні мен мазмұнына қатысты негізгі тақырыптар қамтылды. Дінтанушы және исламтанушы студенттердің көкейлеріндегі сұрақтары ашық талқыланып, пікірлерін ашық, еркін жеткізді.

Кездесу соңында студенттер Жоламан Бұланұлының 2023 жылы жарық көрген «Сопылық ілімі:Тарихы, мәні мен сипаттамасы» атты кітабының негізгі бөлімдерімен таныс бола отырып, автордың қолынан кітапты сыйға алу мүмкіндіктеріне ие болды.

Ұйымдастырушылар: Кантарбаева Ж.У., Мукан Н., Борбасова К.М., Утебаева Д.С.

1 курс магистранттары: Ержанова А., Куан А., Естай Р., Разбекова М.