ҚазҰУ ғалымдары Ташкент және Самарқанд университеттерімен ғылыми байланыстарды нығайтуда

14 мамыр, 2024

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ) - Жоғары білім беру бағдарламаларының кең спектрін ұсынатын және білімнің түрлі салаларында халықаралық зерттеулер жүргізетін Орталық Азияның жетекші білім беру және ғылыми орталығы. Университет бүкіл әлемдегі университеттермен ғылыми ынтымақтастық пен академиялық алмасуды дамытуға баса назар аударады. Ағымдағы жылдың 28 сәуірі мен 4 мамыры аралығында ҚазҰУ ғалымдары ғылыми диалогты тереңдету және тәжірибе алмасу мақсатында Ташкент Мемлекеттік Университеті мен Самарқанд Мемлекеттік Университетіне барды.

Өзбекстанға іс-сапар "Заң шығару саласында Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзірлеу" атты ғылыми жобасының қаражаты есебінен жүзеге асырылды.

Осы нәтижелі сапар аясында ҚазҰУ ғалымдары бірқатар ғылыми семинарларға, пікірталастар мен конференцияларға қатысып, заманауи ғылым мен білімнің өзекті мәселелерін талқылады. Әр түрлі саладағы мамандар өздерінің ғылыми идеяларымен алмасты, бұл бірлескен жобалар мен перспективалы ғылыми бағыттардың дамуына ықпал етті. Сондай ақ іс-сапардың негізгі мақсаты келесі міндеттерді жүзеге асыру болды:

  • Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің деңгейі мен сапасына қол жеткізу және қолдау тұрғысынан нормативтік құқықтық актілердің тиімділігін анықтау;
  • Ұлттық заңнаманың және халықаралық құқық нормаларының жұмыс істеуі мен қолданылуы саласындағы Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелеріне елдің мүдделеріне және оның қауіпсіздігіне сәйкестігі тұрғысынан мониторинг жүргізу.

Осы академиялық сапарға қатысқан ғалымдардың пікірінше, Ташкент және Самарқанд Мемлекеттік Университеттерінің өкілдерімен тәжірибе алмасу өте жемісті болды. ҚазҰУ ғалымдары қазақтың белгілі саяси қайраткері Жалантос Бахадурдың еңбектерімен танысып, осы негізде Қазақстанның баспа басылымдары мен әлеуметтік желілерінде жариялау үшін очерктер дайындады. Қазақстан мен Өзбекстан ғалымдары арасындағы өзара іс-қимыл өңірдегі білім мен мәдени түсіністік көкжиегін кеңейтуге ықпал етеді.

ҚазҰУ-дың ғалым-өкілдері: "Бұл іс-сапар ғылыми қоғамдастықтағы халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын растады. Біз қазірдің өзінде жоспарланған бірлескен жобалар аясында жұмысымызды жалғастыруды асыға күтеміз" деп мәлімдеді.

Мұндай бастамалар әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті мен Орта Азияның жетекші университеттері арасындағы ғылыми байланыстарды нығайтуға ықпал етеді, бірлескен зерттеу жобалары, оқыту және білім алмасу үшін қолайлы жағдайлар жасайды.