Ректор қабылдау комиссиясының дайындығымен танысты
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығында болып, қабылдау комиссиясының дайындығымен танысты. Сондай-ақ ғимараттағы құрылымдық бөлімдердің жұмысы мен қызмет сапасын тексерді.
Оқу ордасының басшысы орталықтағы Әскери жұмылдыру және Бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ұйымдастыру бөлімінің де атқарған жұмыс нәтижелерімен танысты.
Сондай-ақ орталықтағы кітап дүкенін, сұлулық салонын, кір жуатын орынды аралап, кәсіпкерлермен әңгімелесті.
Ректор орталықтағы кинотеатр кестесі бойынша ескерту жасап, қысқа мерзімде студенттерге арналған танымдық фильмдер мен деректі жобалар көрсетілімін тұрақты ұйымдастыруды тапсырды.
«Magnum Daily» супермаркеті әкімшілігіне білім алушыларды қолжетімді азық-түлікпен күнделікті қамтамасыз етуді баса айтты.
ҚазҰУ басшысы Жансейіт Түймебаев «Керемет» орталығы басшылығына білім алушы жастарға қызмет көрсету сапасын арттыруды, әр бөлмені тиімді пайдалану және санитарлық-тазалық жұмыстарын талапқа сай жүргізуді тапсырды. Сондай-ақ оқу ордасына талапкерлерді қабылдау кезінде келушілерге қолайлы жағдай жасауды жүктеді.
Әлеуметтік даму жөніндегі проректор, Әлеуметтік даму және жастармен жұмыс департаменті мен Өндірістік қамтамасыз ету департаментіне жұмыс сапасын жақсарту бойынша қатаң ескертпелер жасап, тиісті тапсырмалар берді.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі