Айқын

10 қазан, 2015

«Мағжан сенген жастармыз»

Автор: ЖОЛДАСБЕК ДУАНАБАЙ

«Мағжан сенген жастармыз» Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Филология және заң факультеттерінің студенттері біріккен ректордың «100 кітап» бағ-дарламасы аясында «Мағжан сенген жастармыз» атты үлкен көлемде кеш болып өтті.

Кеште Мағжанның өмірбаяны, шығармашылығынан баяндама жасалып, жастық шағынан көрініс қойылып, өлеңдері мәнерлеп оқылды. Бұл жобаның негізгі мақсаты өз елінің тарихын, мәдениетін, рухани құндылықтарын терең меңгерген, әлеуеті биік, мәдениеті жоғары маман қалыптастыру және жастарды кітап оқуға тәрбиелеу, тілдерді меңгеруге деген шығармашылық қабілеттерін жандандыру, сөйлеу мәдениетінің деңгейін арттыру барысында қолға алынған болатын. Кеш қорытындысында студенттер «Мағжан сенген жастармыз» тақырыбын ашып, өздері «Мағжанның» сеніміне лайық, ертеңгі күннің тұтқасына лайық тұлға екендіктерін дәлелдеп көрсете алды. Университет ректоры Ғалымқайыр Мұтановтың бастамасымен және барлық оқытушы-профессорлар тарапынан қолдау тапқан «100 кітап» жобасы тек қана ҚазҰУ-да ғана шектелмей, еліміздің басқа да жоғары оқу орындарында жүзеге асырылса, нұр үстіне нұр болар еді.

Гүлмира ШУЛАНБЕКОВА, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетінің аға оқытушысы,

Бақытжан ҚАЛЫМБЕК, доцент