Студенттік бизнес-инкубаторлардың инновациялық жобаларының байқауы
2024 жылғы 9 сәуірде ТДМ «1.4.1 – Стартаптарды қолдау» жобасының шеңберінде «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КЕАҚ Химия және химия технологиясы факультетінің 6В05301 ББ 3-курс студенттері Алексей Павлович Сурнин, Ахметова Айрина Ермекқызы, Тайманова Диляра Қалабаевна, Түсіпов Мәди Мұратұлы Органикалық заттар, табиғи қосылыстар мен полимерлердің химиясы мен технологиясы кафедрасының аға оқытушысы PhD Ербол Сағынұлы Ихсанов басшылығымен жылда өткізілетін студенттік бизнес-инкубаторлардың инновациялық жобаларының байқауында ластану мен сулануға төзімділігі жоғары ақылды киім жобасын ұсынды.
Жоба аясында жас ғалымдар көміртек диоксиді ортасында жоғары критикалық флюид жағдайында табиғи немесе синтетикалық матаны фторорганикалық полимермен мәресіне дейін өңдеу технологиясын ұсынды. Бұл өңдеу матаға сыртқы текстурасы мен бу өткізгіштігін жоғалтпай жоғары гидрофобты және олеофобты қасиеттер береді.