«Қазақ университеті» баспа үйінен шыққан кітаптар Ирандағы кітап көрмесінде

16 мамыр, 2024

Университетіміздің «Қазақ университеті» баспа үйінен (директоры Жанғазиев Мұрат Мұхтарұлы) жарық көрген Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы оқытушылары құрастырған 2 сөздік Иран Ислам Республикасының астанасы Тегеран қаласында өтіп жатқан 35-ші халықаралық кітап көрмесіне қатысуда. Кітап көрмесі өз жұмысын 8 мамырда бастады және 10 күнге созылады.