БАжҚББИ институционалдық аккредиттеуден өтті
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті кезекті институционалдық аккредиттеуден өтті. Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттігінің (IQAA) Аккредиттеу кеңесінің шешімімен университетке бес жыл мерзімге аккредиттеу берілді. Бұл университеттің білім беру бағдарламалары мен басқару процестерінің жоғары стандартының дәлелі.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институты да өз қызметін табысты жүргізіп, бес жыл мерзімге аккредиттеуден өтті.
Институционалдық аккредиттеу білім беру қызметтерінің сапасын бағалаудың танылған әдістерінің бірі және білім ордасының институционалдық аккредиттеуден өтуі университеттің аккредиттеу органының белгілеген стандарттарына сәйкестігін растайды. Институционалдық аккредиттеу рәсімін халықаралық және ұлттық тәуелсіз сарапшылар университеттің білім беру қызметінің барлық аспектілерін қамтитын Еуропалық жоғары білім беру кеңістігіндегі (ESG) сапаны қамтамасыз ету стандарттары мен нұсқаулықтарына сәйкес қатаң негізде жүргізді. Бұл өз кезегінде оқу орындарының білім сапасын ішкі қамтамасыз етуге арналған.
Кезекті жетістік Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың оқу процесін үнемі жетілдіріп, жоғары сапа стандарттарын сақтауға деген ұмтылысының айқын көрінісі. Университет білім беру ортасын жақсарту мен қоғам дамуына үлес қосу үшін білікті мамандарды даярлау жолындағы жұмысын жүйелі жалғастыра береді.