Арыстанбекова Ақмарал Хайдарқызымен кездесуі

14 мамыр, 2024

2024 ж. 14 мамырда Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдігінде жас ғалымдар мен халықаралық қатынастар факультеті басшылығының ҚР мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР-ның БҰҰ жанындағы тұңғыш Тұрақты Өкілі, ҚР СІМ-нің Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Арыстанбекова Ақмарал Хайдарқызымен кездесуі өтті.

Факультет делегациясының құрамы Халықаралық қатынастар факультетінің деканы Деловарова Лейла Федоровна және халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының меңгерушісі Байкушикова Гульнара Серикбавнаның жетекшілігімен «Халықаралық қатынастар» мамандығының 1-курс магистранттарынан (Серікбай Нұрсұлтан, Нурбай Айша, Абуова Жансая, Чжоу Хунмей, Шао Лян және Мухаммад Аммар Хабиби) тұрды.

 

Кездесу барысында жас ғалымдар Ақмарал Хайдарқызына оның педагогикалық қызметі үшін алғыстарын білдіріп, Ақмарал Хайдарқызы жүргізетін дәрістер курсы барысында тек теориялық білім ғана емес, сондай-ақ практикалық дағдылар алғандарын, сыртқы саясат және дипломатия туралы қызықты және маңызды фактілерді, сондай-ақ Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы шеңберіндегі қызметіне қосқан үлесі туралы ақпарат берілгендігін атап өтті.

 

Кездесу барысында Ақмарал Хайдарқызының бастамасымен 2012 жылы факультетте ашылған, ұйым туралы ақпаратпен қамтамасыздық етуді арттыруға және 17 Тұрақты даму мақсаттарын ілгерілетуге бағытталған БҰҰ туралы ақпараттың академиялық Аймақтық ресурстық орталығының рөлі де атап өтілді.

 

Ақмарал Хайдарқызы, өз кезегінде, жас ғалымдардың әлеуеті мен мақсатын ерекше назар аударыпіп, сәттілік тіледі, сондай-ақ факультеттің Қазақстанның дипломатиялық кадрларын даярлаудағы рөлін атап өтті.

 

Серікбай Нұрсұлтан,

1-курс магистранты

Байкушикова Гульнара,

халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының меңгерушісі