- Басты бет
- Жаңалықтар
- "Топырақты қорғаудың және жер ресурстарын тұрақты пайдаланудың заманауи мәселелері" атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтуде.
"Топырақты қорғаудың және жер ресурстарын тұрақты пайдаланудың заманауи мәселелері" атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтуде.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да 2024 жылғы 17-18 мамырда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдығына және ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Жамалбеков Есбол Усимбековичтің туғанына 90 жыл толуына орай "Топырақты қорғаудың және жер ресурстарын тұрақты пайдаланудың заманауи мәселелері" атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтуде.
Конференцияның мақсаты – топырақты қорғау және жер ресурстарын тұрақты пайдалану мәселелері саласындағы негізгі бағыттарды жетілдіру бойынша ғылыми көзқарастарды, тәсілдер мен әдістерді қалыптастыру, ғылыми және өндірістік ұйымдар мен жеке тұлғалар-жер туралы ғылымдар, практика және білім беру өкілдері арасында халықаралық ғылыми және оқу байланыстарын жандандыру.
Конференцияның мақсаты – топырақты қорғау және жер ресурстарын тұрақты пайдалану мәселелері саласындағы негізгі бағыттарды жетілдіру бойынша ғылыми көзқарастарды, тәсілдер мен әдістерді қалыптастыру, ғылыми және өндірістік ұйымдар мен жеке тұлғалар арасында халықаралық ғылыми және оқу байланыстарын жандандыру.
Конференция Ресей, Беларусь, Өзбекстан және Қытайды қоса алғанда, әртүрлі елдердің топырақты қорғау және жер ресурстарын тұрақты пайдалану саласындағы жетекші ғалымдар мен сарапшыларды біріктірді. Шақырылған спикерлердің қатарында жетекші оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының профессорлары мен ғылым докторлары бар.
Конференцияға қатысушылар пленарлық отырысқа, секциялық отырыстарға қатысуға және стендтік баяндамалармен танысуға мүмкіндік алды. Ғалымдар білім мен тәжірибе алмасуға, сондай-ақ жер ресурстарын басқару мен қорғаудың инновациялық тәсілдерін талқылауға мүмкіндік алды. Конференцияның секциялық жұмысы келесідей бағыттар бойынша жүргізілді: тұрақты дамудың географиялық, геоэкологиялық аспектілері және табиғатты ұтымды пайдалану; жерге орналастыру және кадастр саласындағы зерттеулер, технологиялар мен инновациялар; топырақ пен агроландшафттарды қорғаудың заманауи мәселелері саласындағы ғылыми зерттеулер; ауыл шаруашылығын дамыту, агроөнеркәсіптік өндіріс және азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы ғылыми зерттеулер.
Конференция аясында география және табиғатты пайдалану факультетінің география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасында профессор Есбол Өсімбекұлы Жамалбековтің атаулы аудиториясы ашылды. Бұл оқиға бүкіл ғылыми университет қауымдастығы үшін маңызды оқиға болып табылады.