Біләл Қуаныш

18 мамыр, 2024

Біләл Қуаныш – «Қамшы» ақпарат порталының жетекшісі. 1985 жылы ҚХР ШҰАР-да дүниеге келген. 2003-2004 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шетел азаматтарына арналған дайындық факультетінде оқып білім алды. 2004-2008 жылдары Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің филология факультетінің қазақ тілі және қазақ әдебиеті мамандығын тәмамдаған. 2009-2011 жылдары аталған университетте магистратура бөлімін үздік бітірген. 2008-2010 Республикалық «Ана тілі» газетінде тілші, тіл бөлімінің редакторы, 2012-2014 жылдары «Абай» ақпараттық порталында шеф-редактор, 2012 жылдан «Қамшы» ақпараттық порталының жетекшісі, «Attila group», «Qamshy media» компанияларының құрушысы. Қазір таңда түркі халықтарына ортақ әртүрлі қамшылар шығарып, қазақтың ұлттық құндылықтарын заманауи форматта насихаттуда.

Басқа жаңалықтар