Ұшқын Жамалбек

18 мамыр, 2024

Ұшқын Жамалбек – әнші, композитор. Қазақ эстрадасының жұлдызы. 1989 жылы 18 наурызда ҚХР ШҰАР-да дүниеге келген. 2007-2008 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шетел азаматтарына арналған дайындық факультетінде оқып білім алған. 2008-2012 жылдары Алматы қаласындағы Т. Жүргенов атындағы Өнер академиясының музыкалық актер мамандығы бойынша тәмамдаған. Қазақстанда көптеген хит әндердің авторы, көптеген кино сериялдардың композиторы және сауындтрек орындаушысы. «Ugai» өнер білім мектебінің негізін қалаушы. Балалар кино саласында осы кезге дейін 20-дан астам балалар киносының композиторы қызметін атқарған. Нақтылап айтсақ «Мұзбалық», «Ертемір», «Бала Бегзат», «Үкілі әуен», «Ырысты ыдыстар», «Ақжелкен» тағы басқа кино сериялдардың музыкасын әрлеген. Ересектер кино саласында Алаш арыстарына арналған тарихи кино сериялдар айталық «Абай жолы», «Ұлт ұстазы», «Тар заман», «Кейкі мерген», «Оян қазақ», «Тас өткел», «Дулати» тағы басқа кинолардың композиторы.

Басқа жаңалықтар