Заң әділ Жұлдыз

18 мамыр, 2024

    Заң әділ Жұлдыз - шет тілдерінің маманы, түрколог, аудармашы. Қытай Халық Республикасы ШҰАР Алтай қаласында туып өскен. 2003-2004 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шетел азаматтарына арналған дайындық факультетінде оқып білім алған.

2004-2009 жылдары Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ағылшын тілі филологиясы мамандығы бойынша бакалавр академиялық дәрежесін алған соң, 2010-2012 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультетінде түркология мамандығы бойынша магистратура тамамдаған. 2014-2018 жылдары ҚХР Шыңжаң университетінде шет тілдері және әдебиеті мамандығы бойынша философия докторы (PhD) атанды. 2021 жылдан бері Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Еуразия ғылыми-зерттеу институтында жұмыс істейді.

Басқа жаңалықтар