ҚЫТАЙТАНУ КАФЕДРАСЫНДА ЖАЗҒЫ МЕКТЕП ЖҰМЫСЫ АЯҚТАЛДЫ

20 мамыр, 2024

Қытайтану кафедрасы Жазғы мектеп аясында ұйымдастырған «Ұлы Жібек жолы және Қазақстан: тарихы, мәдениеті және өзара байланысы» атты онлайн-курс өз мәресіне жетті. 2024 жылдың 03-16  мамыр аралығында өткен мектепке Нанкин университетінен 20 шетелдік студент қатысты.   Кафедра оқытушылары оқыған түрлі тақырыптардағы дәрістерде студенттерді Жібек жолының қазақ тарихында алатын орнымен, қазақ халқының мәдениетімен және дәстүрімен таныстырды, қазақ тілі және лингвомәдениеттану туралы жалпы түсінік берілді. 16 мамыр күні өткен мектептің жабылу салтанатында Қытайтану кафедрасының меңгерушісі Фарида Оразақынқызы болашақта осы бағытта жұмыс жалғаса беретінін және осындай мектептер мен курстар жиі ұйымдастырылатынын айтты.