Халықаралық турбуленттілік жағдайындағы Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты: сын-қатерлер мен перспективалар» атты халықаралық дөңгелек үстел

20 мамыр, 2024

Ақпараттық хат

 

Халықаралық дөңгелек үстел

«Халықаралық турбуленттілік жағдайындағы Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты: сын-қатерлер мен перспективалар»

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультеті Сіздерді 2024 жылдың 24 мамырында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультетінде өтетін «Халықаралық турбуленттілік жағдайындағы Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты: сын-қатерлер мен перспективалар» атты халықаралық дөңгелек үстелге қатысуға шақырады.

Тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан бастап Қазақстан прагматикалық және теңгерімді сыртқы саясат жүргізіп келеді. Көпвекторлы сыртқы саяси стратегия әлеуметтік-экономикалық дамудың маңызды факторларының бірі ғана болып қоймай, сонымен қатар еліміздің халықаралық қатынастар жүйесіндегі геосаяси позициясын нығайтуға да ықпал етті. Нәтижесінде Қазақстан барлық әлемдік және аймақтық державалардың сеніміне лайық, бейтарап ойыншы имиджіне қол жеткізді. Осы уақытқа дейін республика түрлі халықаралық қақтығыстарды шешу шеңберінде бірнеше рет делдалдық қызметін көрсетті. Соңғы мысал ретінде 2024 жылдың мамырында республика Әзірбайжан мен Армения арасындағы келіссөздер алаңына айналды.

Алайда, соңғы жылдары әлемдегі геосаяси жағдайдың шиеленісуіне байланысты Қазақстанның дәстүрлі сыртқы саясаты белгілі бір қиындықтарға тап болуда. Әлемнің жетекші мемлекеттері арасындағы шиеленістің күшеюі жағдайында маневр жасау барған сайын қиындай түсуде. Бұл тенденция тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатының одан әрі даму перспективалары туралы мәселені өзекті етеді.    

Бұл дөңгелек үстелдің мақсаты қазіргі кезеңдегі Қазақстанның сыртқы саясатының түрлі аспектілерін талқылау және талдау, соның ішінде негізгі сын-қатерлер мен проблемаларды анықтау болып табылады.

Конференцияға қатысу үшін қазақстандық және шетелдік сарапшылық және ғылыми қоғамдастықтың өкілдері, Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық миссиялардың, қоғамдық және халықаралық ұйымдардың өкілдері, мемлекеттік органдар мен БАҚ өкілдері шақырылады.

Дөңгелек үстелдің жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Күні мен уақыты: 2024 жылдың 24 мамыры, 15.00-17.00.

Өтетін орны: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультеті, конференц-зал № 226, мекен-жайы: Алматы қ,, Қарасай батыр көш., 95А.

Қосымша сұрақтар бойынша байланысу: Nuriddin.Sultanmuratov@kaznu.kz