ҚазҰУ студенттері үздік атанды

22 мамыр, 2024

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 10 студенті «ҚР үздік студенті – 2024» байқауында жеңімпаз атанды.

Үздік студенттер қатарында: химия және химиялық технология факультетінің 3-курс студенті Жалғас Мақсотов, 4-курс студенті Ілияс Сұлтан, география және табиғатты пайдалану  факультетінің 3-курс студенті Асқар Қалдыбек, 2-курс магистранты Нұрлыбек Ізбасаров, заң факультетінің 3-курс студенттері Нұрсұлтан Аман, Бақдәулет Құрбан,  экономика және бизнес жоғары мектебінің 3-курс студенті Байдәулет Байдулла және ақпараттық технологиялар факультетінің 3-курс студенті Сүйіндік Мүсіралин, филология факультетінің 3-курс студенті Нұрай Қуаныш, журналистика факультетінің 2-курс студенті Айдана Қуандықова бар.

Қазылар алқасының шешімімен ҚазҰУ-дың талапты жастары жүлделі 1-орынды иеленді.

«Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы мен Үздік студенттер академиясы бірлесіп ұйымдастырған байқауға еліміздің барлық өңірінен студенттер қатысты.

Нәтижесінде ғылым, өнер, спорт саласында жетістікке жеткен және ұйымдастырушылық қабілеті жоғары белсенді студент жастар іріктеліп, «ҚР үздік студенті – 2024» кітап-жинағына енді.

Жинаққа енген көшбасшы студенттер кітап таныстырылымына шақырылып, «ҚР үздік студенті – 2024» төсбелгісімен, арнайы дипломдармен марапатталып, ҚР Тұңғыш Президенті қорынан сыйлық-кітаптар алды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі