2024 жылдың 22 мамырында БҰҰ-ның 4-ші Тұрақты даму мақсаты – «Сапалы білім беру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында ҚазҰУ-дың кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының оқытушысы з.ғ.к. Г.С.Калиева Алматы қаласының 42, 121, 202 орта мектептерінде - Кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Сапалы және қолжетімді білім беру мемлекеттің маңызды әлеуметтік функцияларының бірі болып табылады. Цифрландыру және ғылыми-техникалық прогрестің нақты жағдайында білім алу өмір бойы қажет.
Кәсіптік бағдар берудің мақсаты – мектеп түлектеріне жоғары оқу орнын және келешек мамандық таңдауға көмектесу. Мектеп түлектеріне ҚазҰУ заң факультеті туралы ақпарат берілді.
Басқа жаңалықтар
22 қараша, 2024
22 қараша, 2024
21 қараша, 2024