Оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын талқылау
23.05.2024 жылы Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Кеден, қаржы және экологиялық құқық» кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты Қуандықов Қалдарбек Жүнісбайұлы онлайн форматында Ташкент мемлекеттік экономикалық университеті ұйымдастырған 2024-2025 оқу жылына арналған "Салық және салық салу" мамандығының студенттеріне және магистранттарына арналған Оқу жоспары мен Оқу бағдарламаларын талқылауға сарапшы ретінде қатысты.
Сарапшы ретінде Қуандықов Қалдарбек Жүнісбайұлы оқу жоспары мен оқу бағдарламаларының халықаралық және мемлекеттік талаптарға сай болуы, әлемдегі үздік университеттердің оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларына талдау жасау арқылы жасалынуына ерекше назар аудару керектігі туралы сөз қозғады. Жасалынған оқу жоспары мен бағдарламасына өзінің ұсынысы мен тұжырымдамасын айтты.
Сондай-ақ, Ташкент мемлекеттік экономикалық университеті ұйымдастырған 2024-2025 оқу жылына арналған «Салық және салық салу» мамандығының студенттеріне және магистранттарына арналған Оқу жоспары мен Оқу бағдарламаларын талқылауға сарапшы ретінде онлайн форматында Малайзияның Monash University-нің сарапшысы қатысты.