Харбинде өткен конференция

24 мамыр, 2024

2024 жылдың 17-20 мамыр аралығында Харбин Технологиялық Институтының қолдауымен Қытай мемлекетінің Харбин қаласында "2024 China-Eastern European Experts Cooperation and Exchange Activity" халықаралық конференциясы өтті. Конференцияға Қытай, Қазақстан, Ресей, Сербия, Болгария, Беларусь, Германия және басқа мемлекеттерден 500-ден астам ғалым қатысты. Аталмыш конференцияда филология ғылымдарының кандидаты, шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының аға оқытушысы Г.С. Қойшыбаева "Қазақстанда қазақ және орыс тілдерін шет тілі ретінде оқытудың лингвометодикалық платформасы: тәжірибе мен даму траекториясы" атты тақырыпта баяндама жасады.