Халықаралық қатынастар факультетінде түлектер кездесуі
Бүгін Халықаралық қатынастар факультетінде "Welcoming coffee" форматында түлектердің кездесуі өтті. Бұл формат факультетіміздің түлектері,серіктестері мен жұмыс берушілердің басын қосатын жаңа дәстүр. Кездесу аясында түлектермен қатар дипломатиялық құрылымдардың өкілдері, кәсіпкерлер, аналитикалық орталықтардың басшылары және т. б. шақырылды.
Кездесуге қатысқан түлектер қатарында Николай Владимирович Жұмақанов - ҚР СІМ құқықтық департаментінің басшысы, "Халықаралық құқық" мамандығының 2005 жылғы түлегі болды.
Адлет Кумар - дипломат, кәсіпкер және жазушы. ҚР Ұлыбританиядағы елшілігінде, ұлттық компаниялардың халықаралық бөлімдерінде консул болып жұмыс істеді. Ол СІМ деңгейінде халықаралық іс-шаралар ұйымдастырады. Адлет, Аджиджиро Кумано лақап атымен "Ұшатын пакеттер қаласы", "Отан жүрегі" және т.б. кітаптар жазған. 21 мамырда Адлет Кумар Қазақстанның ардагер дипломаттар, қазіргі таңда қызметтегі дипломаттар мен еліміздің жетекші университеттерінің бітіруші курс студенттеріне арналған "Дипломатиялық көктем" іс-шарасын ұйымдастырды.
Қожанов Мұрат - 2002 жылғы түлек, қазір бизнес орталығының директоры.
Гүлмира Пазилова - "Артмекен" галереясының директоры.
ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ Алматы қаласындағы өкілдігінің басшысы Әсел Қожахметовада кездесуде бой көрсетті. Ол факультетіміздің серіктесі реттінде қатысып, ҚСЗИ жұмысындағы факультет түлектерінің рөлін атап өтті.
Кездесу барысында түлектер өз профессорларын еске алып, қызықты естеліктерімен бөлісті.