Ақерке – ТДМ олимпиада жеңімпазы

27 мамыр, 2024

Қазақстан-Герман университеті Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған ортаны қор­ғау бағдарлама­сы­ның (ЮНЕП) қолдауымен ЖОО студенттері ара­сын­дағы Тұрақты даму мақсаттары бойынша ұйымдасты­рыл­ған олим­пиада сайысына география және та­би­ғат­ты пай­далану фа­культеті «Табиғи-тех­но­гендік қауіп-қатерлер» маман­ды­ғының 1-курс студенті Ақерке Жас­ұлан қа­ты­сып, 2-орын ие­ленді. Ол қазақстан­дық ЖОО ара­сында оза шауып, шетелдік ЖОО студент­тері арасында өтетін олимпиадаға жолдама алды.

Мұндай олимпиада орта­лық­азиялық жас мамандардың бір-бірімен және алыс-жақын шетелдік әріптестермен бар­шаға түсінікті тілде – прогресс пен кәсібилік тілде қарым-қа­тынас жасауға негіз болады. Студенттер болашақ маман ретінде өз елінің жан-жақты да­муы жалпы аймақтың өр­кендеуіне тікелей байланысты екеніне және тұрақты даму мақ­саттарына бірге қол жет­кізуге болатынына тағы бір мәр­те көз жеткізе алды.

Олимпиадада Ақерке Тал­ғат­қызы Тұрақты даму мақ­сат­тарының «Тұрақты қалалар және елді мекендер» атты 11-тармағына сәйкес, «Қа­ла­ның тұрақты дамуы: ұтымды тұ­тыну, инновациялар және ин­фрақұрылым» бөлімі бойын­ша бақ сынады. Ол «Алматы қа­ласында көлік-логистикалық орталық құру» тақырыбындағы жобасын өте жоғары деңгейде қорғап шықты.

Біз студентімізге жаңа идея­ларды зерттеуге деген құштар­лы­ғы мен инно­вация­лық ше­шім­дерді табудағы креа­тивтілігін шыңдау жолын­да жан-жақты ізденісті тілей­міз.

Ақтоты БЕКЖАНОВА,

Картография және геоинформатика кафедрасының оқытушысы