ҚазҰУ командасы – статистика олимпиадасының жүлдегері
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ командасы статистика бойынша II халықаралық студенттік олимпиадада жүлделі 3-орынды иеленді. Шара (Ресей, Мәскеу) Тәуелсіз мемлекеттер достастығының Мемлекетаралық статистикалық комитетінің ұйымдастыруымен өтті.
Олимпиадаға Әзірбайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстаннан 13 команда қатысты. Әртүрлі дағдыларды меңгерген Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ командасы шеберлік пен білгірлік танытып 3-орынды жеңіп алды.
Командаға ҚазҰУ-дың ақпараттық технологиялар факультетінің Жасанды интеллект және Big Data кафедрасының аға оқытушысы Әсел Оспан жетекшілік етті. Құрама командада «Деректер туралы ғылым» білім беру бағдарламасының 3-курс студенті Диана Таңатар, «Бизнес-аналитика және Big Data» білім беру бағдарламасының 1-курс магистранты Еркебұлан Әлімжан және «Компьютерлік ғылымдар және технологиялар» бағдарламасының 1-курс магистранты Мұрат Болысбек белсенділік танытты.
Статистика бойынша II халықаралық студенттік олимпиада «ТМД статистикасын дамыту» жобасын іске асыру шеңберінде өтті.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі