Түлектер кездесуі

27 мамыр, 2024

География және табиғатты пайдалану факультетінде дәстүр бойынша 2024 жылдың 25 мамырында жылы, достық жағдайда түлектер кездесуі өтті. Биылғы түлектердің кездесуі ерекше, себебі біз биыл университеттің 90 жылдығын және факультеттің 75 жылдығын тойлап жатырмыз. Әр жыл түлектерінің арасында 67 жыл бұрын университетті бітірген түлекті ерекше толқумен қарсы алды: 90 жасқа толған Утекешева Роза Карасаевна. Ал, еңбек ардагері (КСРО), еңбек майданының қатысушысы,  Қазақстан Республикасы алдындағы ерекше еңбегі үшін үкіметтік наградалармен марапатталған,  өз жылдарында Лисков тау-кен байыту комбинатының бас геологы болған Әлімжанова Гүлбахрам Мәжитқызын факультет қызметкерлері үйінде шын жүректен құттықтап қайтты.