Ректор ТҮРКСОЙ бас хатшысымен кездесті
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раевпен кездесті.
Тараптар ынтымақтастықты одан әрі арттыру, ауқымды жобаларды бірлесіп жүзеге асыру мәселелерін талқылады.
Оқу ордасының басшысы Жансейіт Түймебаев ҚазҰУ түркі мемлекеттерінің жоғары оқу орындарымен тығыз қарым-қатынас орнатып, түркі халықтары арасындағы жоғары білім мен ғылымды дамытуға үлес қосып жатқанын атап өтті.
Ректор өз сөзінде түркі елдерінің ЖОО-лары арасындағы байланысты қарқынды дамыту мақсатында ұйыммен бірлесіп ҚазҰУ базасында ауқымды конференциялар мен форумдар ұйымдастыру қажет екенін айтты.
Өз кезегінде Сұлтан Әкімұлы ҚазҰУ мен ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы арасындағы серіктестікті одан әрі арттыруға ниетті екенін жеткізіп, алдағы уақытта ҚазҰУ-мен бірге жұмыс істеуге уағдаласты.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі