*Су - біздің планетамыздағы тіршіліктің негізі*

27 мамыр, 2024

2024 жылғы 27мамырындабиофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасыныңоқытушылары Казакбаева А.Ш. 6В05108-Нейроғылым мамандығының 1 курс студенттерімен «Су - біздің планетамыздағы тіршіліктің негізі» тақырыбында іс шара өткізілді.Осы бір қарапайым қағидаға зер салсақ, суға қаттысты талай деректерді келтіруге болады. Су табиғаттағы барлық тіршілік атаулының құрамына кіреді. Көптеген өсімдіктің 80 – 95%  судан тұрады. Жануарлар мен адам денсінде де су көп . Адам ағзасының бүкіл салмағының жартысынан көбі судың үлесіне тиеді.Ол қанның , ас қорытатын сөлдің ,сілекейдің құрамына кіреді. Салмағы 70кг адамның денесінде 50кг су болады. Оның мөлшері 17кг кемісе адам өледі.Адам су ішпей бір апта ғана шыдай алады.Су барлық өсімдіктер мен жануарлар ағзасының құрамына кіреді.Іркілдек теңіз жәндігі медузаның бүкіл салмағының 99 проценті судан тұрады.Егер 1 кг қарбызды кептірсе, одан 20 гр ғана құрғақ зат қалады, яғни 98 проценті судан құралады.Адам салмағының 65 проценті су десек, соның 10 – 20 процентінен айрылса тіршілік тоқтайды.Су әр алуан заттарды ерітеді, содан да ол тамақ өнімдерін сіңіру үшін керек.Су болып тұрғанда организімде өмірлік маңызы бар көптеген химиялық реакциялар жүріп жатады. Су тіпті, қатты сүйектің ішінде өзінің міндетін атқарады. Оны дененің әрбір клеткасынан табуға болады.