Кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізілді

29 мамыр, 2024

2024 жылдың 29 мамырында БҰҰ-ның 4-ші Тұрақты даму мақсаты – «Сапалы білім беру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында ҚазҰУ-дың кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының аға оқытушысы, з.ғ.д. Е.Ш. Рахметов Алматы қаласының «№ 81 Мектеп гимназиясы», «№21 Гимназия», және №70, №88, орта мектептерінде - Кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Сапалы және қолжетімді білім беру мемлекеттің маңызды әлеуметтік функцияларының бірі болып табылады. Цифрландыру және ғылыми-техникалық прогрестің нақты жағдайында білім алу өмір бойы қажет.

Кәсіптік бағдар берудің мақсаты – мектеп түлектеріне жоғары оқу орнын және келешек мамандық таңдауға көмектесу. Мектеп түлектеріне ҚазҰУ заң факультеті туралы ақпарат берілді.