«Қазақстанның халықаралық имиджін көтерудегі ЭКСПО-2017-нің ықпалы» атты дөңгелек үстел өтті

19 қазан, 2015

2015 жылдың қазан айының 15-ші жұлдызында заң факультетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқығы кафедрасының куратор-эдвайзерлері Баймаханова Д.М, Оспанова Д.А.,Усеинова К.Р., Досаева А.А., 308, 111 топтары мен қазақ және орыс бөлімінің бірінші курс магистранттарымен бірге, сонымен қатар «Аманат» және «Прогресс үшін одақ» студенттік клубтарымен бірге жастарды құқықтық тәрбиелеу іс-шарасы аясында «Қазақстанның халықаралық имиджін көтерудегі ЭКСПО-2017-нің ықпалы» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.

Аталған іс-шараның мақсаты:

- Дүниежүзілік мамандандырылған ЭКСПО көрмесінің шығу және даму тарихымен таныстыру;

-ЭКСПО-ны өткізудегі Қазақстан Республикасы перспективаларына талдау жасау;

-ЭКСПО өткізу құқығын иеленуде мақтаныштық және патриоттық сезімді ояту;

- қатысушыларды белсенді түрде және тікелей ЭКСПО–ға қатысуға тарту;

- ЭКСПО өткізуге жауапты тұлғалар мен органдарға деген студенттердің құрметтеушілік қарым-қатынасын қалыптастыру;

Осы іс-шараның басталуы мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқығы кафедрасының меңгерушісі Усеинова Г.Р, з.ғ.д., профессор Баймаханова Д.М алғы сөзімен басталды. Студенттер мен магистранттар өз тақырыптарын үш тілде баяндады: қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде. Баяндау кезінде бейнежазба, аудиожазба, плакаттар, слайд-шоу, диаграммалар, сонымен қатар өзге де материалдар қолданылды. Іс-шара үш бөлімнен тұрды.

Бірінші бөлімде 308 топ студенттері Дүниежүзілік мамандандырылған көрменің пайда болуы және дамуы тарихын баяндады, сонымен қатар ЭКСПО тарихынан әлемнің басқа мемлекеттеріндегі қызықты сәттер мен жарық тұстарды атап көрсетті.

Екінші бөлімде 111-топ студенттері 2015 жылы Миландағы ЭКСПО-ны ұйымдастырудың негізгі элементтерін ашып көрсетті. Сонымен қатар, әлемдік деңгейде өткізілген мәдени көрменің баянды қағидалары жарықындалды.

Үшінші қорытынды бөлім, қазақ және орыс бөлімінің 1 курс магистранттары жалғасын тапты. «Қазақстанның халықаралық имиджін көтерудегі ЭКСПО-2017-нің ықпалы» атты тақырыбта болды. Біздің мемлекетімізде көрмені халықаралық деңгейде өткізу мен басты перспективалардың артықшылығын атап көрсетті. Мемлекеттік құрылымның қызметкерлері ЭКСПО өткізуге жауапкершіліктері баяндалды және негізгі ұйымдастыру түсіндірілді.

Дөңгелек үстелдің соңында қорытынды сөз заң факультетінің деканы, з.ғ.д., профессор Байдельдинов Д.Л берілді. Астана қаласында ЭКСПО-2017 сәтті өткізілуінде жастардың жоғарғы рөлін атап көрсетті,жоғарғы деңгейдегі іс-шараның өткізілуінде әсіресе, заң факультетінің студенттері болашақ заң реттеуші ретінде көрсетті.