Өзбекстан Республикасындағы көшбасшылық дәрістер

30 сәуір, 2024

География және табиғатты пайдалану факультеті, География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының аға оқытушысы, г.ғ.к. Мылқайдаров Әлім Төлекұлы 22 - 27.04.2024 жыл аралығында Өзбекстан Республикасының Гүлістан мемлекеттік педагогикалық институтының әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультетінде және Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университетінде «Дұниежүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы» пәні бойынша көшбасшылық дәрістер оқып келді. Сонымен қатар дәрістердің қорытындысы бойынша 72 сағаттық сертификаттар мен Гүлістан мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры Ж.Х. Каршибаевтың және Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры А.К. Киргизбаевтың алғыс хаттарымен марапатталды.

Қосымша арнайы шақыру бойынша Самарқанд Кооперативтік Институтында 1 күндік дәріс өткізіп келді. Барлық дәрістерде географияның өзекті мәселелері мен екі елдің қазіргі экономикалық, әлеуметтік және саяси байланыстары қарастырылды. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдық мерейтойы қарсаңында университет оқытушыларының әрбір көшбасшылық дәрістері тарихы терең, әлемдік Жоғары Оқу Орындарының арасында өзіндік орны бар университетке арналады, ал оқытушылардың әрбір дәрістері университет үшін үлкен мақтаныш.

Гүлістан мемлекеттік педагогикалық институтындағы дәрістерінен «Сырдария» телеканалына мастер класс түсірілді. Сілтемеден көре аласыздар: drive.google.com/p/view?usp=sharing