Сіздерді әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ардагері, биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының доценті Асқарова Зифа Асанбайқызының 75 жылдығына, сондай-ақ биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының, биология және биотехнология факультетінің және ҚазҰУ-нің 90 жылдығына арналған "Ғылымдардың интеграциясы: биофизика, биомедицина, нейроғылым" атты III Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына шақырамыз

25 наурыз, 2024

       Құрметті әріптестер, оқушылар, студенттер, магистранттар, докторанттар! Сіздерді 30-шы мамыр күні өтетін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ардагері, биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының доценті Асқарова Зифа Асанбайқызының 75 жылдығына, сондай-ақ биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының, биология және биотехнология факультетінің және ҚазҰУ-нің 90 жылдығына арналған "Ғылымдардың интеграциясы: биофизика, биомедицина, нейроғылым" атты III Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына шақырамыз.

       Конференция пәнаралық тәсілдер арқылы қол жеткізілген интегративті ғылымдардың жетістіктерін талқылау, пәнаралық интеграцияға жаңа серпін беру және тұрақты ғылыми-техникалық прогресс, халықаралық ғылыми ынтымақтастық және пәнаралық пікірталас алаңын ұйымдастыру мақсатында өткізіледі.

     Пленарлық сессияда әлемге әйгілі ғалым Шайкен Таттым, жасушаларды фракциялаудың инновациялық әдісінің авторы, Хьюстон университетінің PeriNuk Labs негізін қалаушы және бас директоры, Бэйлор медицина колледжінің (Хьюстон, АҚШ) жетекші ғылыми қызметкері сөз сөйлейді. Конференция материалдарының жинағын жариялау үшін биофизика, биомедицина, неврология және биологиялық білім беру мәселелері бойынша мақалалар және/немесе тезистер қабылданады.

https://farabi.university/storage/files/31737465366657364052d40413962865_Ақпараттық хат конф_Конф_Интерг_БФ_БМ_НҒ_30_мамыр-2024.pdf

Конференцияда Сіздерді көретінімізге қуаныштымыз!

Ұйымдастыру комитеті