Халықаралық қатынастар факультетінің түлектері мен белсенді студенттері дипломатиялық балға қатысты

30 мамыр, 2024

"Goodwill (AqNiet) Initiative" қоғамдық бастамасы аясында 2024 жылғы 21 мамырда "Printemps diplomatique/Дипломатиялық көктем" студенттік дипломатиялық балы салтанатты түрде өтті. Дипломатиялық балға Алматы қаласы университеттерінің "Халықаралық қатынастар” мамандығының үздік түлектері  қатысуға мүмкіндік алды.
Бал БҰҰ Бас Ассамблеясы жариялаған диалог пен даму жолындағы дүниежүзілік мәдени алуандық күніне орай ұйымдастырылды.
Іс-шараға Халықаралық қатынастар факультетінің деканы, халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының меңгерушісі, ҚазҰУ-дың БҰҰ туралы ақпарат беру жөніндегі академиялық аймақтық ресурстық орталығының белсенділері және факультет түлектері қатысты.