Денсаулық сақтау саласындағы компьютерлік технологиялар
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Ubiquitous Computing for HealthCare тақырыбында халықаралық воркшоп өтті. Іс-шара Солтүстік-батыс политехникалық университетімен (NPU, Қытай) бірлесіп ұйымдастырылды.
Воркшоптың негізгі мақсаты – денсаулық сақтау бойынша кең таралған есептеулер саласындағы озық технологиялар мен инновациялық шешімдерді талқылау. Воркшопта осы маңызды салада білім мен тәжірибе алмасу үшін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және СБПУ-дың профессорлық-оқытушылық құрамы, докторанттары, магистранттары мен студенттері жиналды.
Аталған воркшопқа Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және NPU профессорлары мен оқытушылары, докторанттар, магистранттар және студенттер қатысты.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма мүшесі – ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректоры Жәмила Айтжанова және ақпараттық технологиялар факультетінің деканы Олжас Тұрар құттықтау сөз сөйледі. Олар денсаулық сақтауда компьютерлік технологияны қолданудың маңыздылығын атап өтті.
Осы іс-шара аясында Солтүстік-батыс политехникалық университетінің (NPU, Қытай) профессорлары: Щя Йонг, Болин Чен и Ёншен Пан баяндама жасады.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ақпараттық технологиялар факультеті тарапынан Жасанды интеллект және Big Data кафедрасының меңгерушісі Мәдина Мансұрова, деканның оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Зухра Абдиахметова және қауымдастырылған профессор, PhD Батырхан Омаров сөз сөйледі. Воркшопта денсаулықты бақылауға арналған ақылды жүйелерді әзірлеу және енгізу, медициналық зерттеулерде жасанды интеллектіні қолдану, денсаулық сақтаудағы заттар мүмкіндігін пайдалану перспективалары атты негізгі тақырыптар қарастырылды.
Іс-шара соңында қатысушылар жемісті ынтымақтастықты жалғастыруға және медициналық қызметтердің сапасы мен халықтың денсаулығын жақсартуға көмектесетін жаңа жобаларды іске асыратынына сенім білдіретіндіктерін жеткізді. Сондай-ақ докторантура бойынша «Компьютерлік ғылымдар және технологиялар» бірлескен білім беру бағдарламасын ашу мүмкіндігі талқыланды.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі