Омбы мемлекеттік техникалық университетімен байланыс артады

30 мамыр, 2024

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев Ресей Федерациясына жұмыс сапары барысында Омбы мемлекеттік техникалық университеті ректорының міндетін атқарушы  Павел Корчагинмен жүздесті.

Кездесуге Қазақстанның Омбы қаласындағы бас консулы  Керім  Қожамбердиев, университеттің басшылық өкілдері қатысты.

Тараптар өзара серіктестікті арттыру мәселелерін және әріптестіктің басым бағыттарын талқылады.

Омбы мемлекеттік техникалық университеті ректорының міндетін атқарушы Павел Корчагин ҚазҰУ делегациясын қарсы ала отырып, жоғары білім мен ғылым саласында  ынтымақтастық орнатудың маңыздылығын атап өтті.

Өз кезегінде Жансейіт Түймебаев екіжақты байланыстарды қарқынды дамыту үшін жақын арада бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу және енгізу жұмыстарын жүзеге асыру қажет екенін жеткізді.

Сонымен қатар ҚазҰУ ректоры тәжірибе алмасу бойынша офлайн және онлайн конференциялар ұйымдастыру, екі университет ғалымдарының шағын авиация саласы бойынша ынтымақтаса жұмыс жасауы керек екенін баса айтты.

Тараптар аталған барлық мәселелерді жақын арада жүзеге асыруға уағдаласып, естелік сыйлықтармен алмасты.

Кездесуден соң ҚазҰУ ректоры бастаған делегация Омбы мемлекеттік техникалық университетін аралап, қызметімен танысты.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі