ҚазҰУ студенттері – Huawei ICT Competition байқауының үздіктері

30 мамыр, 2024

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері Huawei ICT Competition VII байқауының екі негізгі бағытында жеңіске жетіп, үздіктер қатарынан көрінді.

Бұл жетістік ҚазҰУ студенттерінің ақпараттық технологиялар саласындағы дайындығының жоғары деңгейін көрсетеді.

Биылғы байқауға 90-нан астам мемлекеттен білімді жастар қатысты. Бұл – бұрынғы байқауларға қарағанда рекордтық көрсеткіш.

Атап айтқанда, 2000-нан астам университеттен 170 мыңнан астам студент білім жарыстырды.

Cloud Track бағытындағы байқауды Жасанды интеллект және Big Data кафедрасының 4-курс студенттері Дидар Молдахметов пен Аида Бегайдарова жеңіп алды.

Cloud Track  бағытында Аида Бегайдарова 2023 жылғы Huawei ICT Competition жетінші жыл сайынғы байқауында 74 елден келген командалар арасында 1-орынды иеленген.

«Интеллектуалды басқару жүйелері» білім беру бағдарламасының студенттері Дидар Молдахметов пен Аида Бегайдарова президенттік стипендияның стипендиаттары мен үздік дипломға үміткерлер ғана емес, сонымен қатар біздің университеттің мақтанышы.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі