Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті ынтымақтастықты нығайтуда

31 мамыр, 2024

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры, география ғылымдарының кандидаты, профессор Ахмеденов Қажымұрат Мақсұтұлы келді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі Басқарма мүшесі – Проректоры Ж. Н. Айтжановамен, география және табиғатты пайдалану факультетінің деканы А. С. Ақтымбаевамен кездесіп, жоғары оқу орындары арасындағы екіжақты қатынастарды нығайту мәселелері талқыланды.  Ғылыми-зерттеу жобаларын бірлесіп іске асыру, Жер және қоршаған орта туралы ғылымдар саласындағы ғылыми жобаларды коммерцияландыру, бірлескен жазғы мектептерді, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдар үшін ғылыми тағылымдамаларды ұйымдастыру және өткізу сияқты көптеген мәселелер бойынша өзара іс-қимыл уағдаластықтарына қол жеткізілді.

Бұдан әрі М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Ахмеденов К.М. «Тұрақты даму және табиғатты тиімді пайдалану» ғылыми орталығы, «Қашықтықтан зондтау және қолдану технологиясы» Қазақстан-Қытай бірлескен зертханасын және химия және химиялық технология факультетінің ғылыми зертханаларымен танысты.