31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні
31.05.2024 күні, сағат 11:30-да тарих факультетінің Мәжіліс залында, Қазақстан тарихы кафедрасының ұйымдастыруымен "31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне" орай шара өткізілді. Шараға Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі – ҚР ҰҒА-ның академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Берекет Бақытжанұлы Кәрібаев, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнай құрған «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссиясы» мүшесі тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Лейла Маралқызы Хасанаева, Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Еділ Ноянұлы Ноянов және т.б. кафедра мүшелері, студенттер мен магистранттар қатысты.
Шара – «Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған» видеоролик көрсетуден басталып, академик Б.Б. Кәрібаев әлем тарихындағы репрессия түрлерін атап өтіп, оның ХХ ғасырдың 20-30 жж Қазақстандағы көрінісіне тоқталды. Доцент Л.М.Хасанаева қуғын-сүргін көргендер санына қатысты жаңа ақпараттармен хабар алмасты. Доцент Е.Н.Ноянов «Халық жауының» ұрпағы ретінде өз әулетінің тағдырымен бөлісті.
Шара соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, тарихшы баклаварлар мен магистранттарға бүгінгі күннің мән-мағынасын жұртшылыққа әлеуметтік желілер арқылы түсіндіру жұмыстарын жүргізу табысталды.