Мемлекет басшысы ғалымдардың алдына бірқатар күрделі міндеттер қойды
Бүгін Қазақстан Президенті Қ.-Ж. Тоқаевтың «Ғылым ордасы» орталығында ғалымдармен кездесуде сөйлеген сөзі еліміздің одан әрі дамуының бірнеше маңызды мәселелеріне назар аудартты. Осы мәселелердің ішінде бірнеше аспектіні ерекше атап өткім келеді.
Қазақстан үшін басым міндет әлемдік нарықта, халықаралық аренада бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету болып табылады. Ел басшысының өз сөзінде жаңа буын мамандарын даярлауға баса назар аударғаны қуантады. «Біздің мамандар білімді және білікті болуы керек, ғаламдық бәсекелестікке төтеп беру үшін». Университеттерде болашақ мамандарды дайындап жатқан біздер үшін бұл сөздер нақты бағыт береді: «Біздің жастар креативті және жаңашыл болуы керек».
Президенттің «Әлемдік полюстер мен мемлекеттер арасындағы күшейіп келе жатқан бәсекелестік жаңа дәуірдің басталғанын көрсетеді» деген сөзін атап өткім келеді. Ел басшысы бізді инновациялық адами капиталды дамытуға басты назар аударуға шақырады, себебі қазіргі геосаяси күресте «инновациялардың шешуші маңызы болады».
Қазіргі күрделі жағдайлар Қазақстанның жалпы халықаралық қатынастар жүйесіндегі орны мен рөлін бекіту үшін қолайлы сыртқы саяси жағдайды сақтауды талап етеді. Президент Қ.-Ж. Тоқаев: «Теңгерімді, сындарлы сыртқы саясат жүргізіп, барлық мүдделі мемлекеттермен теңқұқылы және өзара тиімді қарым-қатынас орнатамыз. Біз серіктестікке бағытталып, ынтымақтастық пен өзара түсіністік көпірлерін саламыз, алшақтау мен сенімсіздік қабырғаларын емес», – деп атап өтті.
Бұл сөздер халықаралық ынтымақтастықтың түрлі салалары үшін мамандар даярлап жатқан оқытушыларға айқын бағыт береді, олар елдің ұлттық мүдделерін ішкі және халықаралық аренада қорғауға дайын болады.
Қ.И. Байзакова,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, тарих ғылымдарының докторы