ҚР Қарулы Күштері мамандарының біліктілігін арттыру курстары

1 маусым, 2024

ҚР Әуе қорғанысы күштерін метеорологиялық ақпараттармен қамтамасыз ету ұшулардың қауіпсіздігін, жүйелілігі мен тиімділігін арттыруда маңызды рөл атқарады. Метеорологиялық тұрғыдан ұшу қауіпсіздігіне ұшудың метеорологиялық жағдайларын дұрыс бағалау, тұтынушыларға қажетті метеорологиялық ақпаратты уақтылы жеткізу арқылы қол жеткізіледі. Осы мақсатқа жету үшін ауа райы қызметінің мамандары жақсы дайындалған болуы керек. Бұл ретте оларға біліктілікті арттыру курстары көмектеседі. Бұл курстар метеорологқа әрдайым ауа райының өзгерістерінен хабардар болуға және жаңаларын алуға мүмкіндік береді (ТДМ 4, 8, 17).

2024 жылдың 20 мамырынан 1 маусымына дейін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ метеорология және гидрология кафедрасының оқытушылары ҚР ҚК метеорологиялық қызметтерінің кіші мамандары үшін біліктілікті арттыру (қайта даярлау) курстары ұйымдастырылды.

 

Бұл курсттың мақсаты қосымша бейіндік мамандық ала отырып, метеорологтарды қайта даярлау болып табылады. Біліктілікті арттыру курстарында жаңа талаптар мен технологиялар туралы біліп қана қоймай, ең алдымен өз ісіне шын берілген адамдармен кездесуге мүмкіндік береді. Кафедра оқытушыларының оқыған дәрістері мен тәжірибелері ҚР Қарулы Күштерінің метеорологиялық қызметі мамандарының кәсіби деңгейі мен білімін арттыруға мүмкіндік береді. Біліктілікті арттыру курстары  әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің қашықтықтан оқыту аудиториясы мен оқу метеорологиялық станциясының базасында өткізілді. Сондай-ақ, бағдарлама аясында жұмыс істеп тұрған метеорологиялық станциясында сабақтар жоспарланған болатын. Биылғы жылы Шымбұлақ және Мыңжылқы таулы метеостанцияларында сабақтар өткізілді. Курс аяқталғаннан кейін тыңдаушылар біліктілікті арттыру курстарынан өткенін растайтын куәліктер алады.