«Студенттік бастамаларды жобалау» халықаралық байқаудын женімпаздары

1 маусым, 2024

    2024 жылғы 15 сәуір мен 24 мамыр аралығында В.М. Шукшин атындағы Алтай мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық университетінің Отбасы жылы мен 85 жылдық мерейтойына арналған "Студенттік бастамаларды жобалау" II Бүкілресейлік (халықаралық қатысумен) байқауы өтті. Конкурсқа қатысуға өтінім беру 2024 жылдың 12 сәуіріне дейін қажет болды. Конкурстың мақсаты: студенттер мен магистранттардың ғылыми-зерттеу және шығармашылық әлеуетін іске асыру үшін жағдай жасау. Байқау жұмыстарды ұсынудың әртүрлі бағыттары мен нысандары ерекшеленді.

     "Экономика" білім беру бағдарламасының 4 курс студенттері Анель Қуанышбекова мен Жансая Қайранбаева осы халықаралық байқауға қатысып, "Қазақстан Республикасында цифрлық экономиканы дамыту"жұмысы үшін жеңімпаз дипломымен (II орын) марапатталды. Бағыты: Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар. Экономика. Маркетинг (ғылыми-әдістемелік мақалалар).

       Ғылыми жетекшісі э.ғ. к., "Экономика" кафедрасының доценті Байтанаева Бақыт Амантайқызы Алғыс хатпен марапатталды.

       Шығармашылық табыстар тілейміз!