Әділетті Қазақстанның Адал Азаматы
29-мамыр 2024 ж. Астана қаласында «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы және «Жаңа Қазақстан» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен «ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ АДАЛ АЗАМАТЫ» атты республикалық патриоттық байқауында Метеорология және гидрология кафедрасының оқытушысы Әлімбай Алмас Медетжанұлы жеңіске жетіп, 1-дәрежелі диплом, төс белгі және арнайы стауэткамен марапатталды.
Іс-шараның мақсаты Әділетті Қазақстанды құру үшін адалдықты әр азамат өзінен бастауы қажет екендігін, тәуелсіздіктің баянды болуы үшін ұлттық бірегейлік пен бірліктің маңыздылығын қоғамға түсіндіру болып табылады. Тәуелсіздік жылдары өз мамандығының хас шебері атанып, еліміздің дамуына үлес қосып жүрген Алмас Медетжанұлына еңбек жолында сәттіліктер тілейміз.