- Басты бет
- Жаңалықтар
- ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ — РЕКТОРЫ ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВТЫҢ АПТАЛЫҚ ЖҰМЫСЫНА ШОЛУ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ — РЕКТОРЫ ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВТЫҢ АПТАЛЫҚ ЖҰМЫСЫНА ШОЛУ
2 маусым, 2024
- Жансейіт Түймебаев ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек және Гарвард университетінің профессоры Марк Эллиотпен бірге заманауи «Farabi Chem Science» кластерінің ашылуына қатысты.
- Оқу ордасының басшысы министр Саясат Нұрбек және ғалым Марк Эллиотпен бәрге «Әл-Фараби» кітапханасындағы сирек кітаптар мен қолжазба қоры қызметімен танысты.
- Ректор РФ ғылым және жоғары білім министрінің орынбасары Константин Могилевскиймен және Омбы облысының губернаторы Виталий Хоценкомен кездесіп, Ф.М.Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университетінің базасында ҚазҰУ филиалын ашу жөнінде келісімге қол қойды.
- Жансейіт Қансейітұлы ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раевпен кездесті. Тараптар ынтымақтастықты одан әрі арттыру, ауқымды жобаларды бірлесіп жүзеге асыру мәселелерін талқылады.
- ЖОО басшысы Ресей Федерациясына жұмыс сапары барысында Омбы мемлекеттік техникалық университеті ректорының міндетін атқарушы Павел Корчагинмен жүздесті.
- Ректор Ф.М. Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университетінің ректоры Сергей Замятинмен кездесті.
- Жансейіт Қансейітұлы күрделі жөндеуден өткен ҚазҰУ стадионының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.
- Жансейіт Түймебаев Шеньян таланттарды инновациялық оқыту оқу орнының ректоры Гуан Шифенмен кездесті.
- Ректор химия және химиялық технология факультетінде студенттер үшін жасалған демалыс аймақтарын аралап көрді.
Басқа жаңалықтар
22 қараша, 2024
22 қараша, 2024
21 қараша, 2024