ҚазҰУ-да «Самсунг» инновациялық зертханасы» ашылды
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде «Самсунг» инновациялық зертханасы» ашылды. «Samsung Electronіcs Central Eurasіa» компаниясының әлеуметтік жобасы жоғары оқу орындары мен колледжде дәріс алып жүргендер мен студенттерге қосымша білім беруге бағытталған. Компания мен университеттің жұмылып бірлескен бастамасы елдің сервистік қызмет көрсету саласында тапшы болып отырған білікті мамандарды даярлау мәселесін қамтамасыз етіп, заманауи технологиялар әлемінде жастарға биік белестерге жетуге жағдай жасамақ.
Студенттер техникалық сервистік қызмет көрсету саласының қыр-сырымен танысып, Samsung сандық техникасының жөндеу машығын игеруге мүмкіндік алады.
Өз кезегінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері зертханада бағдарламалық қамту, сандық-коммуникациялық технологиялар мен сандық шешімдер саласында бірлескен қолданбалы зерттеулер жүргізумен айналыспақ.