Эколог күні. Картография және геоинформатика кафедрасы
5 маусымда елімізде кәсіби мереке – Эколог күні атап өтіледі. Барлық табиғат қорғаушыларына, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мамандарға, барлық қоғам қайраткерлеріне — экологтар мен белсенділерділерге кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын дегіміз келеді.
Осыдан 52 жыл бұрын халықаралық қауымдастықтың Бас ассамблеясының 27-сессиясында Қоршаған орта бойынша ғаламдық бағдарлама қабылданған екен. Әр жылдың өз тақырыбы мен ұраны бар. Биылғы тақырып қандай екен? Дүниежүзілік қоршаған орта күніндегі биылғы ұран – «Біздің жеріміз. Біздің болашағымыз» деп аталады. Негізі ешқандай ұрансыз-ақ айналаны сақтау үшін жаңа әдіс-тәсілдер ойлап тауып, қарекет қылып жатқан адамдар жетерлік.
Қазіргі кезде экологиялық мәселелер өзінің қоғамдық мәні жағынан алдыңғы қатардағы мәселердің біріне айналды. Жаңа экологиялық мәдениет осыны мойындауы тиіс. Табиғатқа деген ілтипат бұл адамға көрсетілген құрмет. Қазақстан Республикасы тұрақты дамудың жаңа жолына түскенде экологиялық білім мен тәрбие берудің маңызы зор болса, экологияландырылған білімді ұрпақ қажет.
Экологтар күніне орай картография және геоинформатика кафедрасының "Геодезия және картография" мамандығының 1 курс студенттері оқу практикасы кезінде ҚазҰУ-дың оқу полигонының аумағында қоқыс жинады. Біз табиғатты және қоршаған ортаны сақтай аламыз, егер әр адам қарапайым нәрсені сақтаса, қоқысты өзіміздің артымыздан жинай алсақ!!!