Түркiстан

21 қазан, 2015

Флоренциядан табысталған марапат

Флоренцияда инженерлік педагогика тақырыбы аясында өткен 44-халықаралық «IGIP» (Халықаралық инженерлік педагогика саласындағы қоғамы) конференциясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғ.Мұтанов IGIP Senior Member атты жоғарғы дәрежелі марапатқа ие болды. IGIP президенті, профессор М. Ауер посткеңестік кеңістікте алғашқы болып осы атаққа ие болтан ғалымға арнайы марапатты табыстай отырып, профессор Ғ.Мұтановтың жаһандық инженерлік білім беру мен педагогика саласындағы елеулі орны мен қажырлы еңбегін атап өтті.

«IGIP Senior Member» кұрметті атағы - әлемдік білім беру кеңістігінде кәсіби маман ретінде еркін қызмет жасауға мүмкіндік беріп, өз ісіңнің хас шебері екендігін өзгелерге танытатын инженерлік білім беру мен педагогика саласындағы жоғары лауазым.

Халықаралық «IGIP» ұйымы 1972 жылы құрылған болатын. Бүгінгі танда мекеме инженерлік пәндерді оқыту мен әдістемесінің ғылыми дамуын басты назарға алған мақсатты 130 елді біріктіріп отыр.

Осы ретте, халықаралық бақылау комитетінің қолдауымен және «IGIP» президентінің шешімімен ҚазҰУ-да Орталық Азиядағы инженерлік педагогика саласындағы халықаралық ұйымының сертификатталған орталығы ашылғанын атап өту керек.

Қазақстандық IGIP тренинг орталығында біліктілік талаптарына сай (ING-PAED IGIP) оқытушылар дайындау жүзеге асырылады. «Инженерлік ЖОО халықаралық оқытушысы» атағын алған маман арнайы реестрге қосылып, сол арқылы Еуроодаққа мүше елдерде танылуға мүмкіндік алады.